RSS лента

Ауылшаруашылық санағы: SMS-хабарлама келеді

  • 29.07.2025, 16:39,
  • 103
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі санаққа қатысу туралы SMS-хабарлама алады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі өткізіледі. Ақпараттық науқан аясында шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісіне 1414 қысқа нөмірінен санаққа қатысу туралы SMS-хабарлама жолданады.

Санақтан өту үшін sanaq.gov.kz сайтына кіріп, авторизациядан өтіп, 2-АШК нысанын таңдап, сауалнаманы толтыру қажет.

Санақ еліміздегі ауыл шаруашылығы қызметі туралы толық әрі өзекті ақпаратты жинауға бағытталған. Жиналған деректер аграрлық секторды қолдауға арналған тиімді шараларды әзірлеуге және оның орнықты дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Респонденттер ұсынған барлық ақпараттың құпиялылығы сақталады, деректер салық органдарына немесе өзге де мекемелерге берілмейді және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес қорғалады.


300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі санаққа қатысу туралы SMS-хабарлама алады


Барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).


"Бұл хабарлама тек ақпарат беру мақсатында жолданады, оған жауап берудің қажеті жоқтығын ескертеміз. Бюроның қызметкерлері ешкімге қоңырау шалмайды және ешқандай код сұратпайды. Алаяқтардан сақ болыңыз!" делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости