Бұл ауқымды статистикалық байқаудың негізгі мақсаты еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурстары мен жай-күйі туралы өзекті және сенімді деректерді алу болып табылады. Санақ деректері тиімді мемлекеттік саясат, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлімдеді. Спикер санақ жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдағанын атап өтті. Мерзімдер ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын және ауыл шаруашылығы жылының қорытындылары бойынша өзекті деректерді алу қажеттілігін ескере отырып таңдалды. Ауыл шаруашылығы санағына мал, өсімдік және балық шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қатысады. Санаққа жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары да қатысады. Былайша айтқанда, бұл - бақшасы бар үй шаруашылықтары, олар өздері мал ұстап, құс өсіреді.
1 тамыздан 20 қазанға дейінгі кезеңді қамтитын санақтың негізгі кезеңі онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді. Алдымен 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz. сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Сайт танысу үшін іске қосылды. Заңды тұлғалар, фермерлер, үй шаруашылықтары порталдағы санақ парақтарын дербес толтыра алады.
Спикер ЖШС, ЖК және шаруа-фермер қожалықтары сияқты шаруашылықтың барлық ұйымдастырылған нысаны сайтта өз бетінше сауалнамадан өтуі тиіс екенін атап өтті. ЭҚЖК бойынша қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен немесе балық шаруашылығымен байланысты барлық адам санаққа қатысуға міндетті.
Екінші кезең – сұхбат берушілердің үй шаруашылықтарын жеке аралауы, ол 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Ол 20-шы күннен басталады, өйткені сауалнаманы өз бетінше толтырғандарды ескере отырып, үй шаруашылықтарының тізімдерін қалыптастыру үшін уақыт аралығы қажет.