Бұл туралы "Қазмұнайгазсервис-2025" XII жыл сайынғы конференциясында ТШО ОМТО бөлімінің келісімшарттар және стратегиялық жабдықтау жөніндегі менеджері Рафаэль Аланья айтты. Іс-шара шеңберінде спикер өз қызметінің әртүрлі салаларын қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (ТЖҚ) жеткізу бөлігінде ТШО-ның қажеттіліктері бойынша болжамды көрсететін келісімшарттар мен сатып алулар жөніндегі жылдық жоспар туралы ақпарат берді.
Жалпы, конкурстық тендер процесі бірнеше кезеңнен тұрады: "SEOI" ТШО жүйесінде тіркелу, техникалық бағалау, қазақстандық қамтуды бағалау, кешенді біліктілік және коммерциялық бағалау.
"Тек жергілікті тендер" тәсіліне сәйкес конкурсқа ТШО қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясы шеңберінде ТЖҚ-ның техникалық қабілетті отандық жеткізушілері болып табылатын компаниялар қатыса алады.
Сонымен қатар, Қазақстандық өнім берушінің қаржылық біліктілігі жеңілдетілді. Өзгертілген процеске сәйкес, құны жоғары және тәуекелі жоғары материалдарға тапсырыс бойынша стандартты емес төлем әдісін сұрайтын өнім беруші ТШО-ға шетелдік банктердің емес, ағымдағы кредиттік рейтингі кемінде "BBB" немесе "Baa2"дейінгі қазақстандық Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктерін бере алады.
Сондай-ақ қазақстандық өнім берушілердің техникалық қабілетін тексеру үшін техникалық бағалаудың соңғы сатысының бөлігі ретінде отандық тауарларға "сынақ тапсырыстары" тетігін енгізу жоспарланған.