RSS лента

Жаңа монеталар жарыққа шықпақ

  • 03.10.2024, 14:15,
  • 38
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Монеталар 2024 жылғы 3 қазаннан бастап ҚҰБ-тың  интернет-дүкені (https://kazcoins.nationalbank.kz) арқылы сатылады.


SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN монетасы әлемде бейбітшілік орнасын, әр отбасына береке келсін деген идеяны насихаттайды. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» –  бейбіт заманда тату-тәтті өмір сүр, әр отбасында тыныштық болсын, жылулық ұяласын деп күллі адамзатқа айтылған ізгі тілек. 

 

Монеталар күмістен жасалған. Сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

 

Монетаның бейнесі:


Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости