RSS лента

«Ұлттық қор – балаларға»: негізгі шарттар айтылды

  • 12.02.2024, 21:39,
  • 216
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының кәмелетке толған қатысушысы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдағанда, уәкілетті операторға өтініш береді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банктік шотына аударады. Бұл төлемдерден жеке табыс салығы алынбайды. «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов ОКҚ алаңында осылай деді. Оның айтуынша, нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған жағдайда, оның қаражаты мұрагерлеріне беріледі. Баланың жинақтарын алушы мұрагерлер ақшаны кез-келген мақсатқа пайдалана алады.

 

Қазақстан азаматтығы жоқ немесе азаматтығын тоқтатқан кезден бастап, шетелге шыққан азаматтарға нысаналы талаптар есептері тоқтатылады. Оған белгіленген сома басқа балалар арасында бөлінеді. Ал, уақытша шетелде тұрып, азаматтығынан айырылмаса, ақша есептеліне береді.

 

«Ұлттық қордан берілетін нысаналы жинақтарға келесі шектеулерді қоюға тыйым салынады. Мысалы, банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алу; банк шоттарындағы ақша қаражаттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; жинақты алушының келісімінсіз алып қою; жеке табыс салығын салу. Бұл дегеніміз, сот немесе басқа қарыздар бойынша ақшаны еш жүйенің алуға құқығы жоқ деген сөз», – деді спикер.

 

Нысаналы талаптарды нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды ескере отырып, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асырумен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры айналысады.

 

«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы – еліміздің маңызды әлеуметтік жобалардың бірі. Ол Ұлттық қордың басты парызын орындауға бағытталған. Ұлттық қордың өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғаятын өскелең ұрпақтың қаражаты ересек өмірге нық қадаммен аттауына көмек болатынын тағы да ерекше атап өткен абзал», – деді Мұрат Шәріпов.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости