RSS лента

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссия Air Astana IPO-сын өткізу мәселелері талқылады

  • 29.01.2024, 13:08,
  • 255
  • 0
  • Автор:
Автор фото: wikipedia.org

Комиссия отырысы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді.


Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.


Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.


Анықтама: IPO (Initial Public Offering) – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру. IPO кезінде компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости