RSS лента

Жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

  • 12.12.2023, 18:00,
  • 195
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Балалар мен жасөсіпірімдерді жаттықтыратын азаматттардың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасалып жатыр. Оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл жайлы ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты. Соңғы 2 жылда мамандандырылған республикалық және облыстық мектеп-интернат-колледждердің, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы 25%-ға өсті. Алайда, бұл өсім педагогтарға жатпайтын олимпиадалық резерв пен олимпиадалық дайындық орталықтарындағы, сонымен қатар жоғары спорттық шеберлік мектептеріндегі жаттықтырушыларға әсер еткен жоқ.

 

«Осыған байланысты сала қызметкерлерінің жалақысын теңестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралармен қатар, заңнамалық негізде жаттықтырушы-оқытушылардың апталық сағаттық жүктемелерін 24-тен 18 сағатқа дейін азайту жоспарлануда», – деді спикер.

 

Ал, спорт төрешілерінің жалақысы 2024- жылдан бастап базалық лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін арттырылатын болады.

 

Айта кетерлігі, саланы дамытудың стратегиялық бағдары Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасында қамтылған. Бұл құжат халықтың барлық жас топтары үшін спортты дамытуға бағытталған. Яғни, спорт нысандарының қолжетімділігін арттырып, өңірлермен өзара іс-қимылды күшейту және жоғары жетістіктер спортын дамыту жөніндегі шаралар кешені жүзеге аспақ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости