RSS лента

Жер қойнауын игеруге алғашқы электрондық аукцион өтпек

  • 27.07.2023, 07:01,
  • 263
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

1 тамызда E-Qazyna.kz платформасында қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлауға құқық беретін еліміздегі алғашқы электрондық аукцион ұйымдастырылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыруға арналған сауданы ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп, оны өткізу ережелері жан-жақты қаралып, тетігі әзірленді. Барлық учаске туралы ақпарат Қазақстан картасында көрнекіленіп, сондай-ақ статистикалық мәлімет пен басқа да деректер блогы қарастырылған.

 

Электрондық аукцион жер қойнауын игеру бағытын дамытып, инвестициялық тартымдылықты арттыруда маңызды қадам болып саналады.

 

Осы уақытқа дейін мемлекет ҚПҚ кен орындарын игеруге құқық беретін дәстүрлі аукциондарды өткізіп келді. Енді тамыздан бастап сауда форматы онлайн режимде қолға алынып, аукцион әлемнің кез келген жерінен қол жетімді болады. Бұдан басқа аукционға қатысушылар бір-бірін көрмейді. Бұл қандай да бір уағдаластықтың алдын алып, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Нәтижесінде мемлекеттік қазынаны толықтыру үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарға жол ашылады.

 

Аукцион 1 тамызда сағат 10:00-де басталады. Егер сауда лоттар жабылғанға дейін қарқын алса, онда 17:00-ге (АСТ) дейін жалғасады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости