"Германиялық WIKA Alexander Wiegand SE & Co.KG компаниясының өкілдерін қабылдадым. Дүниежүзі бойынша өндірістік бағыттағы бақылау-өлшеу құрылғыларын өндіретін ең ірі кәсіпорын қазіргі уақытта Атырау облысында осындай зауыт ашуды жоспарлап жатыр. 1,5 млн еуро көлемінде салынып жатқан инвестиция нәтижесінде Атыраудағы зауыт қазан айында жұмысын бастайды. Бұл зауыт облыстың экономикалық, сонымен бірге әлеуметтік саласына серпіліс әкеледі. 25 жұмыс орыны құрылып, өндірістік сала спектрі кеңейеді" деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.