RSS лента

Қытайлық жаңа маркетплейс қазақстандықтарға қолжетімді болмақ

  • 18.04.2023, 19:00,
  • 599
  • 0
  • Автор:
Автор фото: seekingalpha.com

Алматы қаласында ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың «Қытай Синьсин корпорациясы» ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы Чжан Цзянь мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тараптар қазақстандық өнімді Қытайдың ірі маркетплейстеріне, атап айтқанда JD.com электрондық платформаға шығарудағы өзара іс-қимылды талқылады.


«JD.com» (Jingdong Mall) – 1998 жылы құрылған Қытайдағы тауарлар мен қызметтерді сатуға арналған ең ірі онлайн платформа. Электрондық алаң әлемдегі ең ірі онлайн сатушылардың бірі болып саналады, мұнда электроника, киім, аяқ киім, косметика, азық-түлік және т.б. тауарларды алғанда, 1 миллионнан астам тауар сатылады.

 

Келіссөздерге экспорттық әлеуеті жоғары тамақ өнімдерін шығаратын 10-ға жуық қазақстандық кәсіпорын қатысты. Бұл күнбағыс, рапс майы, кондитерлік өнімдер, алкогольді және алкогольсіз сусындар, тағамдар және т. б. өндірушілер.

 

Қытайлық серіктестер ұсынылған азық-түлік үлгілерімен танысып, қазақстандық тауарларды Қытай нарығына жеткізу бойынша одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

 

Синьсин компаниясының қытай нарығындағы әлемдегі жетекші компанияларды сату және қызмет көрсетудегі мол тәжірибесін пайдалану арқылы кездесуге қатысушылар қазақстандық өнімді JD.com платформа арқылы Қытайға жылжыту мүмкіндіктерін анықтады.

 

Сондай-ақ, келіссөз барысында «Синьсин Қытай корпорациясы» ЖШС басшысы компанияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа, оның ішінде Қазақстанның медициналық мекемелеріне медициналық жабдықтар мен препараттарды жеткізуге, медициналық кадрларды оқыту тәжірибесімен алмасуға мүдделілігін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости