Тиісті бұйрық 2023 жылдың 15 сәуірінен бастап күшіне енеді. Жалпы алғанда, өңделмеген түрдегі балық экспортына шектеулерді енгізу ішкі нарықты молайтуға ықпал етеді, бұл бағаның төмендеуіне әсер етуі мүмкін және халық үшін неғұрлым кең қолжетімділікті, сондай-ақ құны жоғары терең өңделген өнімдерді шығаруды қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жылға қарай өңделмеген түрдегі коммерциялық және гастрономиялық құнды балық түрлеріне толық тыйым салуға дейін экспортқа шектеу енгізу құзыретін заңнамалық түрде қарастыру жоспарлауда.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады