RSS лента

Шоколад ұрлаймын деп бәлеге қалды (+видео)

  • 13.01.2026, 14:01,
  • 22
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Жетісу облысында дүкеннен бірнеше шоколад ұрлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 


ІІМ дерегінше, Ескелді ауданының полиция қызметкерлері Mercі шоколадының төрт қорабын ұрлады деген күдікпен 49 жастағы тұрғынды ұстады. Оқиға Жаңа жыл мерекесіне дейін, Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы дүкендердің бірінде болған. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті күндізгі уақытта ауылға ескі танысын іздеп келген, алайда кездесу жүзеге аспаған. Талдықорғанға қайтар алдында ол ауылдың дүкенге кірген. Дүкен ішінде сатып алушылар көп болған сәтті пайдаланған ер адам жоғарғы сөреде тұрған шоколадтарға назар аударып, айналасындағыларға білдіртпей төрт қорап Mercі шоколадын жасырын ұрлап, дүкеннен шығып кеткен.


Күдікті анықталып, аталған азамат өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін қатаң жауапкершілік көзделген. Полиция көзге ұсақ болып көрінген құқық бұзушылықтың өзі ауыр құқықтық салдарға әкелетінін ескертеді.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости