Адамдардың жоғалуына әртүрлі себептер әсер етеді. Отбасылық дау-жанжалдар, психикалық бұзылыстар, қылмыстар, тұрмыстық жағдайлар, немесе жеке өмірін қайта бастау, проблемалардан қашу үшін өз еркімен кетуі мүмкін. Іздеу мерзімі жоғалған адамның өмір салты мен жоғалу себебіне байланысты болады. Тергеу-жедел әрекет тобы адам туралы жалпы мәліметтерді анықтайды: жас мөлшері, бойы, салмағы, дене бітімі, шашы мен көзінің түсі, киімдері, ұялы телефон нөмірлері, достары мен әріптестері, ауруханалар, арнайы мекемелер тексеріледі.
Балаларды іздеу кезінде ювеналды полиция инспекторларымен бірге сыныптастар, курстастар, достар, сауда үйлері, компьютерлік клубтар, ойын алаңдары, подъездер, парктер тексеріледі. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдар тартылған, тәртіп сақшылар мен волонтерлер арасында тығыз байланыс орнатылған. Волонтерлер жоғалғандарды іздеу шараларына полицияға көмек көрсетеді.
Көп жағдайда азаматтардан өтініштер жылы мезгілде түседі. Кейде оқу жылы басталған кезде де жоғалулар орын алады – балалар қате автобусқа отырып, бір күн бойы адасады. Ата-аналар бұл туралы тек кешке ғана біліп, полицияға хабарлайды. Бақытқа орай, мұндай жағдайда барлық балалар қауіпсіз табылады.
Жиі жоғалып кететіндер қатарында қарт адамдар да бар, олардың жасы ұлғайғандықтан, өз мекенжайын ұмытып, үйін таба алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар жоғалуға алдын ала себептер әсер етуі мүмкін. Мысалы склероз, психикалық аурулар және т.б.
Полиция тағы бір мәрте еске салады: жоғалған азаматтарды іздеуде басты фактор – уақытылы полицияға хабарлау. Сондай-ақ, жоғалған адамның жоғалу уақыты, орны, себептері туралы толық ақпарат беру өте маңызды, ештеңені жасырмау керек, өйткені әрбір ұсақ-түйек іздеу барысында маңызды болуы мүмкін.

