Теміржол төсемі аймағында Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан. Барлық қажетті шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.
Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясы басшыларының құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері бастаған арнайы комиссия құрылды. Комиссия тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жазатайым оқиғаның себептерін тергеу бойынша барлық шараларды қабылдап отыр. ҚТЖ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жедел шешімді талап ететін барлық мәселелер ерекше бақылауға алынды.

