RSS лента

Пойыз ішінде жанжал шығарды

  • 02.12.2025, 17:22,
  • 35
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Пойызда жанжал шығарған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Абай облысының 38 жастағы тұрғыны әріптестерімен бірге кезекті вахтаға бара жатқан кезде пойыз вагонында жұмысшылардың бірімен сөзге келіп қалды. ІІМ мәліметінше, жанжал барысында ол танысын бірнеше рет бет тұсынан ұрып, оған орташа дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 90 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

 

Сотталған азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Пробация қызметінің қызметкерлері оған жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сот тағайындаған жазадан жалтарғаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді. Әңгімелесу барысында ер адам ажырасқанын, бір кәмелетке толмаған ұлы бар екенін және қазіргі уақытта ата-анасымен бірге тұратынын айтты.

 

– Жазаны өтеу үшін сотталған азамат Аягөз қаласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастырылып, өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, еңбек тәртібін сақтап келеді. Жазаны өтеп жүруі пробация қызметі қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Мұндай шаралар сот үкімін орындау үшін ғана емес, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және сотталғандардың өз әрекеттеріне деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі, – деді Аягөз аудандық пробация қызметінің басшысы Ермек Қалиев.

 

– Бір ғана ойланбай жасалған әрекет тыныш өмірімді түбегейлі өзгертті. Қазір кез келген агрессияның заң жүзінде міндетті түрде салдары болатынын түсіндім. Өз жазамды толық көлемде өтеймін және мұндай жағдайдың енді қайталанбауы үшін бар күшімді саламын, – деп бөлісті есептегі азамат.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц