RSS лента

Ақтөбеліктерді шошытқан адам жасөспірім боп шықты

  • 19.11.2025, 14:01,
  • 38
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Ақтөбеде полицейлер жалған хабарлама берген жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

22 қазанда "1414" бірыңғай байланыс орталығына орта мектептердің біріне және көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсті. Облыстық ПД мәліметінше, нысандарға дереу полиция жасағы, қызметтік иттері бар кинологтар және саперлер жіберілді. Оқу орны мен тұрғын үйді мұқият тексеру барысында күдік тудыратын қандай да бір зат табылған жоқ. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті 8-сынып оқушысын анықтап, ұстады.

 

Аталған екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция мұндай әзілдердің ауыр құқықтық салдары бар екенін ескертіп, олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы — "Терроризм актісі туралы жалған хабарлау" бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

 

Полиция ата-аналарды балаларының әрекеттеріне назар аударып, оларға ойланбай жасалған істердің салдарын түсіндіруге және қоғам мен заңға жауапты көзқарас қалыптастыруға шақырады.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости