RSS лента

Көшеде кетіп бара жатқан адамды "ұрлап" кетті... (+видео)

  • 24.10.2025, 16:14,
  • 224
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Атырауда «қызды ұрлап кету» пранкі айыппұлмен аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Үш жігіт «әлеуметтік эксперимент» түсіреміз деп, көпшілік орында бір қызды ұстап алып, айғайлаған күйі көлікке күштеп отырғызған. Сценарий бойынша, өтіп бара жатқан адамдардың бірі батылдық танытып, жәбірленушіні "құтқаруы" керек болған. Алайда, оқиға куәгерлері мұны қалжың деп қабылдамаған. Олар дереу полиция шақырған.


Нәтижесінде, үш жігіт сот алдында жауап беріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) әрқайсысы 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости