RSS лента

Атырауда 13 шенеунік 35 млн теңгеге бәс тіккен

  • 23.10.2025, 09:09,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Атырау облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 13 мемлекеттік қызметшінің букмекерлік кеңселерде бәс тіккенін анықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олардың жалпы бәс тіккен сомасы 35 миллион теңгеден асса, ұтыс көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады.

 

Департамент өкілдерінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану, азаматтарды қабылдау кезінде берілген уәделерді орындамау және Әдеп кодексінің талаптарын бұзу сияқты өзге де фактілер тіркелген.

 

Атырау облысы әкімдігі әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметованың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 84 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың қатарында дербес бөлім басшылары, олардың орынбасарлары және округтер аппаратының әкімдері бар.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости