Ұстаздар күнінде Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков балалық және жастық шағымен тығыз байланысты Гагарин ауылына барды. Осында ол балабақшаға барып, мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге деген алғашқы қадамдарын жасаған. Polisia.kz мәліметінше, сапар барысында ПД бастығы өмірінің қалыптасуына үлес қосқан ұстаздарын ерекше ілтипатпен еске алды. Солардың ішінде жүрегінде ерекше орын алатын жан — Гагарин орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, биология және зоология пәндерінің мұғалімі Курочкина Валентина Степановна.
Валентина Степановна мектепте 33 жыл еңбек етіп, екі бала тәрбиелеген және ондаған ұрпаққа білім берген. Биыл ол 86 жасқа толды. Алайда жасына қарамастан, әлі де сергек әрі өмірге құштар. Педагог өзінің сүйікті шәкіртін — Ерлан Омарбековты ерекше жылы ықыласпен қарсы алды.