RSS лента

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

  • 21.02.2024, 12:11,
  • 190
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген хабарламада. 

Қайрат Бижанов 1969 жылы Қостанай облысы, Жетіғара ауданында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек өтілі: 

Қостанай облысының Салық полициясының аса маңызды істер жөніндегі инспекторы, аға инспекторы;

Қостанай облысы бойынша Салық полициясы бөлімінің бастығы, басқармасының бастығы;

Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары;

Жамбыл облысы бойынша БЭКП бастығы;

Ақтөбе облысы бойынша БЭКП бастығы;

БЭКП бастығының Алматы облысы бойынша орынбасары;

ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаменті Бас прокурорының аға көмекшісі;

ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі;

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы (06.2019-10.2021);

2021 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымында болды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости