RSS лента

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы қайтыс болды...

  • 29.09.2025, 11:37,
  • 25
  • 0
  • Автор:
Автор фото: kmg.kz

Бұл туралы "Petro_council" телеграм арнасы мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Қазақстанның Мұнай-газ кеңесі «PetroCouncil» «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовтың дүниеден өтуіне байланысты Досмұратовтар әулетіне қайғырып көңіл айтады. Мұрат Досмұратов 1985 жылы Мәскеу мұнайхимия және газ өнеркәсібі институтын (қазіргі Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті) «Химия-технология инженері» мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған" делінген хабарламада.

 

Еңбек жолы:

 

1985–2003 жж. – технологиялық қондырғылар операторы, цех бастығының орынбасары, зертхана меңгерушісі, аға инженер, ПТО бастығы, бас технолог – «ПетроҚазақстан Ойл Продакс» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты).

 

2004–2010 жж. – бас менеджер, мұнай-химия департаментінің директоры – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

 

2010–2012 жж. – мұнай өңдеу жөніндегі бас инженер – «ҚМГ Құрылыс дирекциясы» ЖШС.

 

2012–2016 жж. (сәуірге дейін) – өндіріс бойынша басқарма төрағасының орынбасары – «Kazakhstan Petrochemical Industries» ЖШС.

 

2016 ж. сәуір–қазан – техникалық даму қызметінің бастығы – «Біріккен химиялық компания» ЖШС.

 

2017 ж. қаңтар–қараша – іске қосу-реттеу жұмыстары жөніндегі жетекші – Rominserv SRL компаниясының Қазақстандағы филиалы (Павлодар мұнай-химия зауыты, изомеризация қондырғысы).

 

2017 ж. қараша – 2018 ж. қазан – мұнай өңдеу департаментінің директоры – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

 

2018 ж. қазан – 2019 ж. тамыз – басқарма төрағасының кеңесшісі, жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары – «KPI Inc» ЖШС.

 

2019 ж. тамыз – 2022 ж. шілде – жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары – «KLPE» ЖШС.

 

2022–2024 жж. – бас директор – «АНПЗ» ЖШС.

 

P.S. Біз де редакция атынан марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болғай...

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости