RSS лента

Аты жер жарған мектеп неге жабылды?

  • 11.09.2025, 15:22,
  • 33
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Жақында Атырау қаласындағы "Қазбілім" мектебі лицензиясынан айырылған болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жабылған мектептің қазіргі жағдайын білмек болып біз облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Ләззат Еділханқызына хабарласқан едік...

 

- Өз кезегінде облыстық білім беру басқармасы «Қазбілім» мектебінде оқитын 131 баланы басқа мектептерге орналастыру жұмыстарымен айналысты. Нәтижесінде, жеті оқушы Sana school Atyrau мектебіне, тағы жетеуі Абырой school мектебіне, ал, қалғаны Атырау қаласындағы білім ұяларына жайғасты, - дейді ол.

 

Айта кетейік, аталған оқу орны 19 тамызда жабылды, ал ата-аналарға хабарлама тек екі күннен кейін – 21 тамызда таратылды. Көптеген ата-аналар балаларының оқу ақысын бірнеше айға алдын ала төлеген. Қазір ақшаны қайтару мүмкін емес: мектеп жабылған, маңдайшасы алынып тасталған, ал балалар үйреншікті оқу үдерісінен айырылды. Сонымен қатар, оқу орнының жабылу себептері де нақты айтылмаған. Қазіргі таңда ата-аналар бақылаушы органдарға шағымдануға ниетті.

 

"Атыраудағы мектептің қызметі 19 тамызда тоқтатылғаны туралы хабарлама алдық. Біздің мәліметімізге сүйенсек, Астана мен Шымкент сияқты басқа қалаларда бұл мектеп жұмысын жалғастырып жатыр. Ең алдымен, біз төлеген ақшамызды толық қайтарғымыз келеді – бұл біздің басты талабымыз" дейді Атырау қаласының тұрғыны Руслан Дәулетов.

 

Белгілі болғандай, мектептің жұмысын Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті тоқтатқан. Себебі — лицензияның болмауы және ғимараттың санитарлық талаптарға сай келмеуі. Ақпан айында мектепке 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген, алайда қажетті шаралар қабылданбаған.

 

"Бақылаушы органдардан мектептің қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығы туралы хабарлама алдық. Сондай-ақ, санитарлық нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Біз тиісті шаралар қолдануға мәжбүр болдық" деді Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости