RSS лента

Атырауда автосалонға қатысты тергеу басталды

  • 20.08.2025, 11:08,
  • 51
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау қалалық полиция басқармасына «Abroy_Avto» автосалоны тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болған ондаған азамат жүгінді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, компания автокөліктерді сатып алу, айырбастау және сату, сондай-ақ автонесие рәсімдеу қызметтерімен айналысқан. Алайда сатып алу-сату және комиссия шарттары жасалған кезде клиенттердің ақшалай қаражаты белгіленген мерзімде қайтарылмаған. Шарттарда қаражатты 10 жұмыс күні ішінде қайтару көзделгеніне қарамастан, міндеттемелер жүйелі түрде орындалмай келген. Соның салдарынан азаматтарға елеулі материалдық залал келтірілген.

 

Қазіргі таңда автосалон мөрленді. Тергеу шаралары басталды. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталып, аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц