Атырауда фельдшер оққа ұшты...
- 18.08.2025, 11:04,
- 51
- 0
- Автор:
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Алдын ала ақпарат бойынша Атырауда 17 тамызға қараған түні топтық төбелес орын алып, 23 жастағы фельдшер көз жұмған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
«Аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.