RSS лента

Атырауда жер сілкініп жатыр ма?

  • 10.04.2025, 11:13,
  • 89
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Бұл туралы еліміздің Қазақ ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, бүгін, яғни, 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та (Гринвич бойынша 9 сәуір 20 сағат 40 мин.) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде сілкінісі болды.

 

"Эпицентрдің координаттары: 45.95 градус солтүстік ендік, 54.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класс К=9.1" делінген хабарламада.

 

Алайда, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жер сілкінісі туралы ақпарат түспегенін айтып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости