RSS лента

Алғаш рет жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды

  • 27.01.2025, 11:06,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жылыой аудандық ауруханасында жамбас буынын эндопротездеу бойынша алғашқы күрделі операция сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осыған орай, біз облыстық денсаулық сақтау саласының баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Сөйтсек, жақында аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне тұрмыстық жарақат алған пациент келіп түскен екен. Ол оң иық пен жамбас аймағында ауырсынуды сезініпті. Травматолог дәрігерлердің тексеруі және клиникалық-аспаптық зерттеулердің нәтижесінде науқасқа «Күрделі жарақат. Аздап сысуы бар сол жақ бұғананың акромиалды ұшының жабық сынуы. Сүйек сынықтарының ығысуымен оң жақ жамбас сүйек мойнының жабық субкапиталды сынуы» деген диагноз қойылды.

 

Пациентке шұғыл хирургиялық араласу көрсетілді. Аудандық аурухана хирургтары алғаш рет «Оң жамбас буынын толық эндопротездеу» операциясын сәтті жүргізді. Операцияны Атырау облысының бас штаттан тыс травматологы Б.Күлниязов пен травматология бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Байзуллин орындады. Бұл операция заманауи медициналық жабдықты және дәрігерлердің жоғары біліктілігін қолдануды талап етті. Бұл аудандық аурухана деңгейінде жасалған алғашқы күрделі операциялардың бірі. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, оны дәрігерлер бақылауда.

 

"Ұлттық жобаның шеңберінде диагностикаға арналған аппараттарды, зертханалық құрылғыларды, сондай-ақ телемедицинаға арналған жүйелерді қоса алғанда, ауылдық медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен жаңарту және жарақтандыру жүріп жатыр. Бұл ауыл тұрғындарына туған ауылдарынан шықпай-ақ жергілікті жерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді" дейді аурухана басшылығы.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости