RSS лента

Түркістанда жылына 1000 тонна банан өсіріледі

  • 27.11.2024, 11:00,
  • 55
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркістан облысында 2023 жылдан бастап банан өсіретін бірегей жылыжай кешені жұмыс істейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жобаны «GenGroupKazakhstan» компаниясы жүзеге асырды. Ол заманауи жылыжайларды құрумен айналысады және әртүрлі ауыл және тропикалық дақылдарын өсіреді. Инвесторлар Түркияның ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесін зерттеді. Бұл ретте климаттық жағдайларға төзімділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауа райы жағдайлары мен топырақтың сипаттамаларын мұқият талдағаннан кейін Түркістан облысының Сайрам ауданында банан өсіру туралы шешім қабылданды.

 

5 га алқаптағы алғашқы жылыжай 2023 жылдың маусымында пайдалануға берілді. 2024 жылдың мамыр айының соңында алғашқы өнімдер жиналды.

 

Қазіргі уақытта «GenGroupKazakhstan» компаниясы қызанақ пен құлпынай өсіретін жаңа жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Ауданы 6 га жаңа жылыжайдың қуаттылығы - 3 мың тонна қызанақ, 130 тонна құлпынай өсіруге қарастырылған. Жобаның жалпы құны 13,4 млрд теңгеге бағаланады, ал жобаларды іске асыру 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта 10 га ашық жерге манго, авокадо және көкжидек өсіру жобасы әзірленуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости