6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі" дейді мамандар.