RSS лента

Жарымжан аялдамалар жұртты шошытты...

  • 22.01.2024, 21:37,
  • 163
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: atpress.kz

Құрылысы аяқталмаған аялдамалар Атырауда өткен жылдың соңында-ақ пайда бола бастаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атап айтқанда, олардың 12-сі С.Датов, 10-ы Азаттық даңғылында және үшеуі «Перетаска», «Сауда базасы» мен «Маслопром» аялдамаларында «аңырап» тұр. Жергілікті атқамінерлер осындай барлығы 27 павильон орнатамыз деп уағдаласқан екен. Оның 16-сы ашық, қалғаны жабық аялдама болмақ. Әйтсе де, тұрғындар әзірге тек темір жақтаулары ғана жарқырап тұрған аялдамаларға аялдауда. Бірақ, ол жақтаулар тұрғындарды жойқын желден қорғамақ түгіл, бірге ұшып кетпесіне кім кепіл? Біз бұл сауалды қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсеновке қойдық.

 

– Былтыр барлығы 24 павильон қондырылды. Қазір олардың бәрі бірдей соңына дейін жасақталып біткен жоқ. Өйткені, тапсырыс берілген материалдар Белоруссиядан кешігіп жетті. Соның салдарынан үзіліп қалған жұмыстар қазір ғана жалғасын табуда. Қаңтардың 25-іне дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді А.Сәрсенов.

 

Айта кетейік, жоба бойынша С.Датов көшесінде сегіз ашық және төрт жабық, Азаттық даңғылында алты ашық және төрт жабық, ал, Балықшы мөлтекауданынан Зарослый ауылына дейінгі аралықта 22 аялдама бой көтеруі тиіс.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости