RSS лента

"Киіктерді бүкіл Қазақстанға жерсіндіру қажет"

  • 18.09.2023, 18:24,
  • 273
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Shutterstock.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық талқылау барысында сарапшылар қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған мәселе – киіктер популяциясын реттеуді талқылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Журналистің батыс өңірді жайлаған киіктерді басқа өңірлерге жерсіндіру туралы сұрағына жауап бере отырып, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директоры Марлен  Айнабеков бүгінде Орал популяциясы бойынша киіктердің саны 1 млн 330 мыңға жеткенін нақтылады. Бұл орайда ол киіктерді басқа жерлерге жерсіндіру мәселесінде киіктердің туған, жерсінген жерінен ауыстырудың қиындығына тоқталды.

 

    «Батыс Қазақстаннан киіктерді көшіруге мүмкіншілік жоқ, өйткені оларды туған жерінен ауыстыру өте қиын. Дегенмен, қазір Жәңгір хан атындағы университетпен  ғылыми жұмыстар атқарылуда, университет Батыс Қазақстанда, Қарағандыда питомниктер салып жатыр», - деді спикер.

 

Енді сол питомниктерде әрі қарай киіктерді өсіру, басқа өңірлерде өсіп-өндіру жұмыстары басталмақ. Одан басқа, бүгінгі күнге киіктер Батыс Қазақстаннан Ақтөбе облысына Жайық өзені арқылы өтіп жатыр. Бетпақдала киіктері де Абай облысына ақырындап қоныс ауыстыруда.

 

«Бұл жерде айта кететіні, кедергі боалтын жағдайлар - магистралдар, автожолдар тас жолдар, құбырлар, темір жолдар салынып, олардың барлығы киіктердің жолын қиып жатыр. Сондықтан ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр, киіктерді бүкіл Қазақстанға жерсіндіру мақсатын қойып отырмыз», - деді бас директор.

 

Оның айтуынша, мекеме алға қойған жоспарын толық орындаған, 300 мың бас киікті 2 млн 600 мың басқа дейін жеткізген. Енді ғылыми-зерттеу институттарымен бірге әрі қарай жұмыс істеп, осы киікті оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс Қазақстанға тарату мақсатын қойып отырмыз, деп түйіндеді сала өкілі.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости