RSS лента

Атырауда не жанып жатыр?

  • 01.12.2022, 17:19,
  • 1 102
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Атыраудағы газ-химия кешенінің мұржасында нақты не жанғаны анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желіде «Кazakhstan Рetrochemical Іnductries Inc.» ЖШС аумағындағы алауда пропанның жанған суреті жарияланды. Бұған тұрғындар алаңдаушылық білдіріп жатыр. Шындығында, күрделі жабдықтың бірі – пропилен компрессорындағы реттеу жұмыстарына байланысты 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 14:45-те қысқа мерзімдік бақылаудағы пропилен алауы жағылды. Полипропилен өндірілетін зауытта «Теңіз» кен орнынан концентрациясы 99,9%-ға дейін тазартылып келетін пропан қолданылады. Пропанның құрамында күкірт пен күкіртті сутегі жоқ. Яғни, пропан жанған кезде ауаға көмірқышқыл газы (CO2) мен бу ғана бөлінеді. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келмеді. Қазіргі уақытта пропилен жанып жатқан жоқ» делінген «Кazakhstan Рetrochemical Іnductries Inc.» (КРІ) ЖШС-нің баспасөз хабарламасында.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости