RSS лента

Жолаушылар тірілей жанып кетті...

  • 17.11.2022, 02:50,
  • 3 322
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, Mercedes-пен соқтығысқан. 


«Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды» дейді куәгер.


Салдарынан неміс көлігі отқа оранып, ішіндегі екі адам жанып кетті.


«Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді»  деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
30.04.2416:07
Доллар вновь поднялся  
   
Все новости