RSS лента

«РТИ-АНПЗ» ЖШС айыппұл арқалады

  • 04.07.2022, 01:57,
  • 633
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«РТИ-АНПЗ» ЖШС-на 9 801 600 теңге сомасына айыппұлдар салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте 2 әкімшілік істі –  қысқартылған өндірісте төледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестииялық бағдарламаны орындауға міндетті.

 

«РТИ-АНПЗ» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2021 жылға бекітілген инвестииялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындылары бойынша, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру, сонымен қатар, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметтері реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалмауы анықталды.

 

Тұтынушыларға қайтару сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 444,6 мың. теңгені құрады (тұтынушыларға қайтарылды).

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости