Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды. «Қостанай қаласының №7 мектебінде екпеден кейінгі балалардың өлімі мен ауыр жағдайы туралы ақпарат – өтірік» делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.
«Костанайские новости» аймақтық газетінің сайтында полиция фейк авторларын іздеуге кіріскені айтылған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда балаларға COVID-19 қарсы екпе салынып жатқан жоқ. Жасөспірімдер арасында егу науқанын қазан айында, Pfizer-BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы елге әкелінген соң бастау жоспарланған.
1 қыркүйекте БАҚ препараттың Қазақстанда уақытша тіркелгенін хабарлады.
Бүгінде вакцина бес жастан 11 жасқа дейінгі және алты айдан бес жасқа дейінгі балаларда клиникалық сынақтардан өткізілуде. Нәтижелері алдағы айларда жарияланады.