RSS лента

ШҰҒЫЛ: Атырауда су маржандары құтқарылды! (+видео)

  • 18.07.2021, 19:18,
  • 974
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі

Атырауда Нарын каналы бойындағы Ақбас (Қызтуған)  учаскесінің тұсынан уақ балықтың өлгені анықталып, үш бригада шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Айта кетейік, «ҚазСушар» кәсіпорнының теңгеріміндегі канал Исатай ауданының аумағынан өтіп жатыр. Аудандық әкімдік тарапынан түскен ақпарат бойынша жедел жұмыс тобы құрылып, құтқару мен тазарту жұмыстары басталып кетті. Жиналған 197 келі өлі балық санитарлық талаптарға сай арнайы орындарға көмілді.


 

 – Нарын каналының Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі бөлігінде су деңгейі тым төмендеп кеткен. Қажетті оттегінің жетіспеуінен осындай жағдай орын алып отыр. Оның үстіне, күннің де күйіп тұрған тұсы. Екіншіден, Нарын каналы көптен бері жөндеу көрмегендіктен, арналары ескіріп, су өткізу мүмкіндігі төмендеген. Сондай-ақ, Атырау-Астрахан тасжолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мекемелер де айналма жолдарға шашатын суды осы каналдан алады. Ертең «ҚазСушар» мекемесі осында өз бригадаларын жібереді, - деді Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.


 

Жуырда ғана Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына жұмыс сапары барысында Нарын каналының жалпы жай-күйімен танысып, күрделі жөндеуден өткізу мәселесін өз бақылауына алатынын ескерткен болатын.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости