RSS лента

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымалдау көлемі өсуде

  • 11.07.2025, 16:32,
  • 78
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылдың бес айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 14,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық. Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 12% артып, 9 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте Алтынкөл станциясы арқылы 6,5 млн тонна (22% өсім), Достық станциясы арқылы 7,7 млн тонна (3% өсім) тасымалданды. Оң динамика екі елдің теміржол әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігіне, сондай-ақ Қытай бағытындағы транзиттік және экспорттық тасымалдарға тұрақты сұранысқа байланысты.  


"ҚТЖ" ҰК" АҚ тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында ҚХР-мен шекаралық өткелдердің инфрақұрылымын дамыту және өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости