RSS лента

Фри картобы өмірге қауіпті ме?

  • 20.09.2024, 11:34,
  • 97
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та McDonald’s желісі үшін өсірілетін картоп сортын өсіруде өте улы пестицидтер қолданылады деген жаңалық тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл көкөністің сыртқы түрін бұзатын жәндіктерді жою үшін жасалады. Айдахо фермерлері пестицид шашқаннан кейін бес күн бойы картоп алқабына бармады. Ресми stopfake.kz бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

 

Бұл ескі фейк. Ол алдымен шетелде, содан кейін Ресейде тараған.

 

Ол журналист Майкл Поллан 2013 жылы Лондонда RSA House іс-шарасында сөйлеген сөзінен кейін шықты. Ас дайындауға тоқтала келе, ол McDonald’s-тағы картоп туралы айтты. Оны өсірген кезде қауіпті метамидофос пестициді (Monitor) қолданылады екен.


Шындығында, бұл пестицидтің пайдаланылмайтынына көп болды. Еуропалық Одақта 2008 жылы, АҚШ-та – 2009 жылы оны қолдану тоқтатылды.

 

2023 жылдың мамырында британдық Full Fact фактчекері Майкл Полланнан McDonald’s-қа арналған картопты өсіру кезінде фермерлердің Monitor пестицидін қолдануы туралы бұрын айтқан сөзіне түсініктеме беруін сұрады.  Журналист 2013 жылы 1990 жылдардағы есептерге сүйенгенін айтқан.

 

Осылайша, америкалық McDonald’s корпорациясы үшін картоп өсіруде қолданылатын зиянды пестицид туралы тараған ақпарат жалған болып табылады. (Monitor) АҚШ пен ЕО елдерінде бұрыннан метамидофосқа тыйым салынған.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости