RSS лента

Маймыл шешегіне қатысты тағы не боп жатыр?

  • 12.09.2024, 12:00,
  • 741
  • 0
  • Автор:
Автор фото: иллюстратив-видеоскриншот

Симпсондарды тағы да сәуегей деп атауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Telegram мессенджерінде жарияланған америкалық ситкомның үзіндісінде кейіпкерлер белгісіз бір вирусты жұқтырған. Бұл маймыл шешегі ауруы болуы мүмкін. Пайдаланушылар өз ойы жүзеге асты деп ойлайды.



«Симсондар» мультфильмін қастандық теориясын жақтаушылар бұрыннан бөліктерге бөліп, түрлі әлемдік оқиғалардың болжамы ретінде ұсынып келеді. Кейде мультфильм кейіпкерлерінің айтқаны дұрыс болып шығады. Мұның құпиясы неде? Мистика жоқ, бәрін түсіндіруге болады. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті.


Мультипликациялық сериал 1989 жылдан бері көрсетіліп келеді. Осы күнге дейін 700-ден астам эпизоды шықты. Онда не болмады дейсіз: өзекті әзілдер, әлемде болып жатқан саяси және әлеуметтік оқиғалармен салыстыру, атақты адамдар. Әрине, кейбір ойдан шығарылған жағдайлардың шынайы оқиғалармен сәйкес келуі ықтимал.


Математиктер Перси Диаконис пен Фредерик Мостеллердің пікірінше, бұл сәйкестіктер шын мәнінде кездейсоқ емес.


1989 жылы шыққан мақалада олар былай деп жазған: «Кездейсоқтық – бұл байланысы маңызды деп қабылданатын жағдайлардың күтпеген жиынтығы, алайда, ешқандай себепті байланыс жоқ».


Яғни, болуы екіталай оқиғалар – бұл жай ғана құбылыс. Диаконис пен Мостеллердің өте үлкен сандар заңына сәйкес, «іріктеу айтарлықтай жоғары болса, онда әдеттен тыс кез келген жағдай орын алуы мүмкін».


Мультсериалды жасаушылар білімді және көп оқыған адамдар. Оны Американың асқан ойшылдарынан тұратын команда жасайды. Олардың көбі АҚШ-тың әйгілі және беделді университеттерінің бірі Гарвард түлектері. Оның ішінде, атқарушы продюсер Эл Джин де бар. Оның математик дипломы бар. Ал жазушы Джефф Уэстбрук – физик және ғылым тарихшысы, информатика кандидаты деген дәрежесі бар. Тағы бір сценарист Билл Оденкерктің бейорганикалық химиядан докторлық дәрежеге ие. Композитор Альф Клаузен Солтүстік Дакота университетінде машина жасауды оқыған.


Әлеуметтік желіде таралған эпизодта адамдар маймыл шешегін жұқтырды деп айта алмаймыз Бұл кез келген басқа бір вирус немесе бактерия болуы мүмкін. Сондықтан болжам қазіргі шынайылыққа ұқсатылған.


Біздің сайт «Симпсондар» мультсериалындағы сәуегейліктерді бірнеше рет жоққа шығарды. Олар Гавайидегі өртке, Канададағы наразылық шараларына және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияға қатысты болды. Конспирологтардың қиялы ұшан-теңіз.

Оставить комментарий
Последние новости
        
ЭКОНОМИКА
27.11.2415:46
Доллар вновь подорожал  

Все новости