RSS лента

Елудегі әйелді жылан жұтып қойды...

  • 10.06.2024, 18:02,
  • 256
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Daily Mail

Индонезияда алып жылан 50 жастағы әйелді жұтып қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жоғалып кеткен Калемпанг ауылының тұрғынының денесін біраз уақыттан кейін бауырмен жорғалаушының ішінен тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды. Төрт баланың анасы 50 жастағы Фарида орман арқылы базарға кеткен. Базарда ол жеміс-жидек сатпақ болған. Алайда бірнеше сағаттан соң ол үйіне оралмағандықтан Фариданың күйеуі түнде алаңдап, жергілікті тұрғындармен бірге әйелді іздей бастайды.

 

Келесі күні олар қалың бұталар арасынан үлкен питонды тапқан. Оның бауыры қатты ісініп жатқанын көреді. Ер адамдар мұны жаманыққа балап, күдіктеніп, бауырымен жорғалаушының ішін жарған.

 

Болжамға сай питон алдымен әйелдің аяғынан тістеп, кейін денесін орап, оны тұншықтырып өлтірген. Содан соң басынан бастап біртіндеп жұтқан.


Торлы питон (Malayopython reticulatus) - ұзындығы әдетте 6,25 метрден асатын әлемдегі ең ұзын жылан.

 

Ол Азияда кездеседі. Индонезиядағы қалалық өркениет жоқ джунглиінде торлы питондардың үлкен популяциясы бар. Бұл жыландар улы емес. Олар құрбандарын күшті денелерімен орап, тұншықтырады.

 

Питонның адамды жұтып қойған соңғы жағдайы 2022 жылы Индонезияда болған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости