Жарияланым авторының айтуынша, бұл – Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысы Клаус Шваб. Шындығында, суреттегі мүлдем басқа адам. Мұны stopfake.kz мәлімдеді. Бұл фейк суреттер Желіде 2021 жылы тараған болатын. Оғаш қылық танытқан адам Клаус Шваб деп кім жазғаны белгісіз. Фактчекерлер суретте кім бейнеленгенін анықтады.
Жалған ақпаратпен күресетін Еllinikahoaxes.gr грек сайты 2021 жылдың мамырында мұқабасында әдепсіз киінген ер адам бейнеленген газетті тапқан. Онда Макс Шваб бейнеленген. Иә, тегі бір, бірақ ол ДЭФ президентімен туыс та емес. Макс Шваб Флоридада тұрады. Бет-әлпеті мен дене бітімі жағынан ұқсас болғанымен, бұл ДЭФ басшысы емес. Reuters Fact Check агенттігі Макс Швабтың әртүрлі ерсі киіммен түскен суреттер топтамасын жасады.
Демек, суретте Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысы Клаус Шваб емес, Флорида тұрғыны Макс Шваб бейнеленген.