RSS лента

Екі айға төтенше жағдай жарияланды...

  • 10.01.2024, 17:11,
  • 719
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Ел президенттігіне кандидатты өлтірді деген күдікке ілінген қылмыстық топтың жетекшісі Эквадор түрмесіндегі камерадан қашып кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Елде екі ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Фито лақап атымен танымал Адольфо Масиас Вильямар 12 жыл түрмеде отырған. Бұған дейін ол "Лос Чонерос" ("Чоне қаласының адамдары") атты қауіпті мафияны басқарды. Вильямардың камерасы Гуаякилдегі түрменің бір бөлігінде орналасқан, ол мұқият күзетілуі керек болған.


Адольфо Масиас

 

Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде 60 күндік төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде қоғамдық жиындарға уақытша тыйым салынып, коменданттық сағат енгізіледі.

 

Президент Нобоаның айтуынша, төтенше жағдай әскерилер мен полицияға елдегі түрмелерді тікелей бақылауға алуға мүмкіндік береді.

 

Латын Америкасындағы BBC редакторы Ванесса Бушшлютердің айтуынша, "Лос Чонерос" шын мәнінде Фито жазасын өтеген Гуаякилдегі аймақтық түрменің көп бөлігін басқарады.

 

“Есірткі-террористік топтар бізді қорқытқысы келеді, олардың талабына көнеміз деп ойлайды. Бірақ біз лаңкестермен келіссөз жүргізбейміз және елде тыныштық орнамайынша тыным таппаймыз”, – дейді ел президенті.

 

35 жастағы Дэниел Нобоа өткен жылдың қазан айында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен. Сайлау науқаны кезінде кандидаттардың бірі, бұрынғы журналист және мафияға қарсы күрескер Фернандо Вильявисенсио өлтірілді, ал саясаткерді қорқытқан “Лос Чонерос” пен Фито бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

 

Эквадор полициясы түсіндіргендей, Фитоның камерада жоқ екені жексенбі күні анықталыпты. Күзетшілер Фитоны түрменің қатаң режимдегі қанатынан іздеген, бірақ таба алмаған.

 

    Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге тыйым салынды

 

    "Жалқау және сауатсыз": Америкалық әртіс Джоди Фостердің Z ұрпақтары туралы пікірі қоғамда дау туғызды

 

Фитоның қашып кеткені немесе үлкен түрме кешенінің ішінде жасырынып жүргені әлі белгісіз. Полиция да Фитоның камерадан нақты қашан жоғалып кеткенін білмейді.

 

Полиция бастығының айтуынша, жүздеген полиция қызметкері Фитоны іздеп жатыр. Аймақтық түрме (La Regional) бес түзеу мекемесін қамтитын түрме кешенінің бөлігі болып саналады. Онда 12 мыңнан астам тұтқын отыр.

 

Өткен тамыз айында Фито кешендегі басқа түрмеге ауыстырылған. Бұл түрмеде тұтқындар аз болғандықтан, қауіпсізд деп саналады. Фитоны көшіру үшін тұтас операция ұйымдастырылып, мыңғм жуық сарбаз жұмылдырылған еді.

 

Бірақ көп ұзамай Фитоның адвокаты оның ауысуына қарсы апелляциялық шағым түсіріп, жеңіп шықты, содан кейін қылмыскер La Regional аумағына қайтарылды.

 

Фито бұл түрме кешенінен бұрын бір рет қашып кеткен. 2013 жылы ол басқа 17 тұтқынмен бірге La Roca-дан қашып, кешенмен шектесетін өзенді қайықтармен кесіп өткен.

 

Төрт айдан кейін Фито мен оның ағасы, сонымен қатар “Лос Чонерос” мүшесі Манта қаласындағы анасының үйінде ұсталды. Содан бері Фито түрме аумағынан шықпаған. Сонымен қатар ол 2020 жылы топтың бұрынғы көшбасшы Хорхе Луис Замбраноны өлтіргеннен кейін түрмедегі топтың жетекшісі атанды.

 

“Лос Чонерос” негізінен есірткі саудасымен әрі рэкетпен айналысады. Бұдан бөлек Мексиканың қуатты Синалоа картелімен ынтымақтатық орнатқан.

 

Эквадор президенті Даниэль Нобоа қарулы топтың TC Televisión телекомпаниясын басып алып, адамдар кепілге алынған соң елде ішкі қарулы қақтығыс режимін жариялады. Болжам бойынша, елдегі ең ірі "Лос Чонерос" қылмыстық тобының жетекшісі Фито лақап атымен танылған Адольфо Макиас Вильямар түрмеден қашып кеткеннен кейін ішкі қақтығыс басталған. Алдымен қарақшылар жергілікті телеарна ғимаратына басып кіріп, студиядағы тележүргізушілерді, басқа да қызметкерлерді кепілге алған.

 

Қарулы қақтығыс Эквадордың басқа аудандарынан да басталып жатыр деген хабарламалар келіп түскен. Мәліметтерге сәйкес, қарулы топтар Гуаякиль университетіне еніп, студенттер мен оқытушыларды кепілге алуға әрекет жасаған. Сонымен қатар метро мен сауда орталықтарында адамдарға шабуыл жасалды.

 

Ал жергілікті тұрғындар Эквадор картелінің мүшелері Гуаякил қаласындағы полиция патрульдеріне шабуыл жасай бастағанын айтады. Адамдардың айтуынша, қарақшылар құқық қорғау органдарын атып өлтіріп, аман қалғандарды өлім жазасына кесетінін мәлімдеген. Бұдан бөлек, бірнеше бейбіт тұрғын жарақат алды.

 

Эквадор президенті Даниэль Нобоа қоғамдық жиналыстар мен коменданттық сағатқа уақытша тыйым салуды көздейтін 60 күндік төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ, ел басшысы ел аумағында ішкі қарулы қақтығыстың бар екенін мойындау туралы жарлыққа қол қойды. Аталған жарлыққа сәйкес барлық қылмыстық топтар террористік ұйымдарға теңестіріледі.


 

Құжатта террористік ұйымдар мен соғысып жатқан мемлекеттік емес субъектілердің 22 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық тобы аталған. Әскерилерге осы қылмыстық топтардың мүшелерін жою тапсырылған. Эквадор басшысы елдің "егемендігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік беру" және қылмыстық және террористік топтардың әрекеттеріне жол бермеу үшін "қарулы күштер мен ұлттық полицияның жұмылдырылуы мен араласуын" қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үкімет тарапына үркітіп-қорқыту әрекеттері болып жатқанын айтып, топтармен келіссөз жүргізуден бас тартты.

 

Мемлекет басшысының әрекеттеріне жауап ретінде банда мүшелері президенттен әскери жағдайды жоюды және армия мен полицияны көшелерден шығаруды талап етуде. Қорқыту мақсатында олар түрме қызметкерлері мен полиция қызметкерлерінің өлім жазасына кесілгені туралы видео жариялайды.

 

Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Эквадорда орын алған тәртіпсіздік барысында қазақстандықтардың жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алу салдарынан қаза тапқандар арасында отандастырымыз анықталмады.

 

"Эквадордағы оқиғада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", – деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

 

7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі Лос-Чонерос қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздіктер орын алды. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости