Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Citizen.digital басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Ауруханаға түскен оқушылар зертханалық тексерудің нәтижесін күтіп отыр. Аталған белгісіз сырқаттың негізгі белгісі – аяқтың сал тартуы. Осыған байланысты қыздар аяғын басып жүре алмайды. Сондықтан мыңнан астам білім алушы үйлеріне жіберілді. Жағдай бағаланып, қажетті шаралар қабылданғаннан кейін ғана олар мектепке қайта оралады.
Бастапқы зертханалық қан сынақтары зардап шеккендерде электролит деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Бұл адам денесі сұйықтықты жоғалтады дегенді білдіреді. Қан үлгілері одан әрі талдау үшін ел астанасы Найробидегі Кенияның медициналық зерттеу институтына жіберілді.
Кенияның медициналық және ғылыми-зерттеу институты аурумен күресу үшін шаралар қабылдады. Батыс өңірінің денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де дерттің таралуына қарсы барлық қажетті шараларды қолданып жатқандарын айтты. Какамега ауданының медициналық директоры Стивен Вандей ата-аналар мен мектептерді сақ болуға шақырды.
"Оқушылардың үйлеріне жіберіп, туыстарымен қауыштырмас бұрын олардың қандай дертке шалдыққанын анықтауымыз керек. Ауру жұқпалы болып шықса, оқушылардың үйлеріне қайтуына рұқсат бермеу керек. Егер олай жасасақ соңы үлкен апатқа тап болады", – деді Стивен Вандай.