RSS лента

15 жасар қыз хиджабқа тұншығып өлді...

  • 01.11.2022, 01:25,
  • 3 773
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

15 жасар мұсылман қыздың орамалы картингте (шағын көліктер жарысы) қыстырылып қалып, жантүршігерлік апаттан қаза тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Оқиға 2021 жылдың 6 тамызында орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dayli Mail басылымана сілтеме жасап. Рувайда Адан Лондонның шығысында достарымен жасаған картинг жарысы кезінде өз хиджабына бір минуттай тұншығып қалған.

 

Сотта белгілі болғандай, Рувайдаға хиджабын шешуді ескертуі қажет болған, алайда Баркингтегі Capital Karts-ке жасалған тексеру кезінде мұның назардан шығып қалғаны белгілі болды.

 

Оқушы қыздың ата-анасының сөзінше, ол хиджабты үнемі киіп жүрмеген, ал жарыс алаңында барлық жеңіл киімді шешу талабы орындалған.

 

Тергеу мәліметтерінше, қыздың орамалының ұшы басындағы шлем мен арнайы костюмнен шығып тұрғаны сондай-ақ оның арбасындағы бос заттардың шатасып кетпеуі үшін арналған екі бөлігі де зақымдалғаны белгілі болды.

 

Оқиға орын алған жерге жедел қызмет көрсету қызметкерлері шақырылған, жасөспірімді ауруханаға жеткізгенімен Рувайда арада төрт күн өткен соң бақиға аттанған.

 

Ол гипоксиялық ми жарақаты мен тұншығудан жан тәсілім еткен.

 

Сотта белгілі болғандай, 2021 жылдың 6 тамызында механиктердің жұмысын күнделікті тексеру жүргізілмеген. Рувайда отырған көліктің артқы осьтегі жетек белбеуіне арналған пластикалық қақпақ жоқ болып шыққан және артқы орындықтың қалқаны зақымдалған. Аталған екеуі де ашық қозғалатын бөліктерді жабуы тиіс болған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости