Бұл жаңалықтың дереккөзі – Хэл Тернердің радио шоуы, оның эфирінде COVID-19 пандемиясы және ауруға қарсы вакциналар туралы фейк хабарламалар бұған дейін айтылып келген.
Шын мәнінде, бұл тезиске ешқандай дәлел жоқ, бірақ оны жоққа шығаратын фактілер жеткілікті. Біріншіден, Жапония Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған медициналық өнімдердің тізіміне сәйкес, «Ивермектин» дәрісі COVID-19 емдеу немесе оның алдын алу үшін мақұлданбаған. Ал КВИ қарсы вакциналар бұл тізімге енген.
Сонымен қатар, жыл соңында Жапонияда COVID-19-ға қарсы егілген адамдарды ревакцинациялау басталатыны ресми түрде жарияланды. 2022 жылы Жапонияға Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның қосымша 120 миллион дозасы жеткізілмек.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Ивермектин» COVID-19-ға қарсы дәрі ретінде әлемнің бірде-бір елінде мақұлданбаған, өйткені оны бұл ауруға қарсы дәлелденген тиімділігі жоқ.
«Ивермектин» – бұл антипаразитті дәрі. Оны көп жағдайда ветеринарияда экто- және эндопаразиттерден құтылу үшін қолданылады.
Бұл препарат адамдарға паразиттер тудыратын ауруларды емдеу кезінде тағайындалады. Мұндай аурулардың қатарына онхоцеркоз (өзен соқыр), стронгилоидоз және топырақ арқылы берілетін басқа гельминтоздар жатады. Сондай-ақ, препарат қышыманы емдеу үшін қолданылады.
ДДСҰ адамдарға бұл препаратты клиникалық сынақтардан тыс КВИ емдеу үшін қолдануға болмайтынын ескертеді.
Препарат жүрек айну, құсу, бас айналу, бұлшықет және бас ауруы сияқты жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Шамадан тыс қолданған жағдайда тыныс алу проблемалары, координацияның жоғалуы, құрысулар, аяқ-қолдың әлсіреуі және әлсіздік пайда болуы ықтимал.
Демек, Жапония вакциналардан бас тартып, «Ивермектинмен» емдей бастады деген ақпарат жалған. Елде COVID-19-ға қарсы егу науқаны жалғасуда, ал «Ивермектин» мақұлданған препараттар тізіміне кірмейді.