Ресейлік 5 арна мәліметіне сүйенсек, сынамаға путресцин, аммиак және судың иісі ұсынылған. Тек путресцинді ғана ажал иісі деген тұжырымға келді.
«Адам қайтыс болар алдында оның денесінен әртүрлі иістер шығады. Олардың бірі – путресцин» деді ғалым Арно Висмар.
Зерттеушілердің айтуынша, «өлімнің иісі» – бұл өлімнің хабаршысы емес, қауіп төніп тұрғанының белгісі. Мұндай хош иіс адамға алаңдауға негіз бар екенін көрсетеді және алдағы өлімнің себебін тауып, алдын алу керек. Өлімнің иісі» шөптің иісі сияқты болуы да мүмкін. Адамның организмі әлсіреген кезде шығатын иіс бар. Бұл иіс қайғылы оқиғаға дейін бір жыл немесе алты ай бұрын пайда болуы мүмкін.