Ресми stopfake.kz мәлімдегендей, Магнус Сёдерлунд өз идеясын 2019 жылдың қыркүйегінде мәлімдеген. Оның пікірінше, мұндай рационда этикаға жат ештеңе жоқ, оның үстіне, мұндай шаралар көбінесе ауылшаруашылық кәсіпорындары шығаратын парниктік газдар мәселесін біржолата шешуге мүмкіндік береді.
Бірақ бұл ұсыныс қатаң сынға алынып, көптеген себептерге байланысты этикаға сай емес деп танылды.
– Каннибализмді қандай да бір ұтымды, жүйелі түрде енгізе аламыз деген идеяның өзі сандырақ. Бұл біздің бүкіл мәдениетіміз варварлыққа айналғанын білдіреді», – деді End Climate Silence ұйымының жетекшісі Женевьев Гюнтер Insider басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, каннибализм адам миын жеу дәстүрі болған Жаңа Гвинеядағы форе тайпасының өкілдері арасында алғаш рет анықталған өте сирек кездесетін және қауіпті куру ауруының дамуына әкелуі мүмкін екендігі ғылыми дәлелденген.
Осылайша, швед ғалымының ұсынысы туралы хабарларды тарату – бұл адамдарды қорқытуға бағытталған манипуляция. Магнус Серлундтың мұндай идеяларды айтқаны рас болғанымен, олар мақұлданып, мойындалған жоқ, және қазіргі заманда каннибализмді дамыту мен қабылдау ниеті жоқ.