Біреулер бұрынғы аймақ басшысына жыр жолдарын арнаса, енді бірі Бергей Сәулебайұлының жарқын жобаларын еске алады.
Айта кетейік, өндірісті өңірдің бұрынғы басшысы нақты қайда және немен айналысып жүргені әзірге белгісіз. Бұл туралы ресми ақпарат та жоқтың қасы. Бірақ, атыраулықтар экс-әкімнің жергілікті тұрғындардың игілігі үшін жасаған еңбегін еш ұмытпайды. Әсіресе, оның газ, су секілді маңызды инфрақұрылым желілерін тарту, әлеуметтік нысандар салу және басқа да жұмыстарына тек өңір емес, бүкіл ел халқы куә.