«Жер учаскесін тегін берді. Пәтерді 12 жыл ипотека төлеп алдым. Ата-анам үйін өздері салды. Әкем өмір бойы зауытта жұмыс істеген, анам мұғалім. Жалақым 840-850 мың шамасында» деп жауап берді М.Жоламанұлы.
Сондай-ақ, ол бұған дейін бұрынғы «Nur Otan» (қазіргі «Amanat») партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болғанда шамамен 350 мың теңге жалақы алғанын да жасырмады. Айта кетейік, Мейірім Қалауи бұл қызметке 4 наурызда кіріскен еді.