Ресми stopfake.kz мәлім еткендей, видео биыл тамыз айында Дағыстанда түсірілген. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиға жайлы көп жазды.
Видеодағы қыз – Дағыстанға демалуға келген турист. Алайда оның сырт келбеті жергілікті тұрғынның ашуын туғызған. Ол болған жайтты камераға түсіріп, қызға бұл қылығы үшін сөгіс айтқан. Видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.