Бейнеүндеуде бір топ фермердің Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың ауылшаруашылық саласын жетік меңгерген білікті маман екендігі айтылады.
«Қайрат Нұрлыбаев қызметке келгелі өзін жоғары деңгейде көрсетіп, ауылшаруашылығы саласының мамандарын жинақтап, саланың дамуына үлкен ықпал жасады. Мал басын көбейту, егін шаруашылығына қажетті жер көлемін көбейту, зоотехникалық селекция жұмысын жүргізуде игі істер атқарды. Ауыл азаматтарының бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасады. Біз Қайрат Нұрлыбаевтың әділ, ақ екендігіне куәлік етеміз» деді «Ынтымақ» шаруа қожалығының басшысы Хайролла Өмірғалиев.
Қылмыстық істің тоқтатылуын талап етушінің бірі – «Мақсат – 1 шаруа қожалығының» жетекшісі Жеміс Қиярова. «Бұйырғын» құс шаруашылығына бөлінген қаражат кері қайтарылды. Қ. Нұрлыбаев өзі бір тиын алған жоққой. Сондықтан, Үкімет басынан азаматтың үстінен қозғалып жатқан істің тоқтатылуын талап етеміз» деді ол.
Осындай пікірлерін «Нұрет» шаруа қожалығы басшысы Мұрат Ілиясов, «Әмина» шаруақожалығы басшысы Сансызбай Бисенғазиев та ашық білдірді.